Оқиғалар мен іс-шаралар

«Адам дәуірі»

11.03.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасын жалпы оқырмандарға арнап елімізге аса танымал Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевке (1912жыл-1993 жыл).
111-жыл толуына орай «Адам дәуірі» атты бейне шолу өткізілді.
Д.А.Қонаев аса көрнекті және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері,Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, ҚСРО шетел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында қызметкерлер отбасында өмірге келген.
Тау кен инженері мамандығын алған Қонаев, Балхаш мыс қорту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы болып істейді.
Д.А.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 жене 1964-86 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
Д.А.Қонаев бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат.
1993 жылы тамыздың 22-інде, 82-жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Мақсаты: барлық оқырмандарды елімізге танымал көрнекті және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтің өмір баянымен таныстыру, қалың оқырманға жеткізу.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»