Оқиғалар мен іс-шаралар

«Сиқырлы қысқы кітап»

12.01.2024 жылы Орталық аудандық балалар кітапханасы 4 «Ә» сынып оқушыларына арналған қысқы оқу бағдарламасы аясында «Сиқырлы қысқы кітап» іс-шарасын өткізді. Кітапханашы ЖОБМ №7 оқушыларына қысқы кезеңнің ерекшеліктерін, қардың сиқыры және жануарлардың қыста қалай дайындалып, оны жылы қарсы алатыны туралы айтып берді. Балалар қыс туралы өлеңдер айтып, жұмбақтар шешіп, қысқы викторина сұрақтарына жауап берді . Жас оқырмандардың қызығушылығын тудырған қысқы сиқыр атмосферасына толы ертегілер мен балалар кітаптарына ерекше назар аударылды. Балаларға сыйлық ретінде кітаптар сыйға тартылды. Іс-шараның мақсаты: білім көзі ретінде кітапқа тұрақты қызығушылықты қалыптастыру; қыс туралы білімді кеңейту және бекіту; балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; топтық жұмыс дағдыларын үйрету.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»