Uncategorized

«АИТВ-ЖИТС: көбірек біл»

01.12.2023 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында салауатты өмір салтын тәрбиелеу, іс-шараларын өткізу аясында, ЖИТС-пен күрес күніне орай «АИТВ-ЖИТС: көбірек біл» атты тақырыптық көрмесі өткізілді. Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, адам өміріне нақты қауіп ретінде ЖИТС туралы түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында оқырмандар ЖИТС проблемалары, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, сондай-ақ өздерін және жақындарын аурудан қалай қорғау керектігі туралы білді. Кітапханашы кітапханаға келушілерге жадынамалар мен ақпараттық буклеттер табыс етті, ал балалар өздерінің қауіпсіздігін есте сақтау және достары мен жақындарына ескерту керек деген қорытындыға келді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»