Оқиғалар мен іс-шаралар

«Аналармен, әдемі әлем»

06.03.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы және АМҮ бірлесе отырып, ауылымыздың ақ жаулықты апаларымызбен қыз, келіншектерге арнап, халықаралық әйелдер күні — 8-наурыз мерекесіне арналған «Аналармен, әдемі әлем» атты әдеби-музыкалық сағат өткізілді.
Іс шараға ауылымыздың әкімі қатысып, келген қонақтарды 8-наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйледі және ауыл кітапханашысы мен АМҮ нің меңгерушісі құттықтау сөздерін жолдады.
Сонымен қатар көрермендерге арнап «Әжелер» үйірмесінің қатысуымен бірнеше қазақтың халық әндері орындалды.
Сондай-ақ орыс әндерінен ән шырқаған; Морозова Зина мен Попкова Екатерина тамаша көңілді әндер шырқады.
Келген қонақтар жақсы көңіл күйде болды.
Мақсаты: жалпы ауыл тұрғындарын, тамаша көктемнің алғашқы күні аналар мерекесімен таныстырып жақсы көңіл күй сыйлау.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»