Оқиғалар мен іс-шаралар

«Соғыс туралы естеліктер, кітапта және жүректе»

6.05.2022 ж. І Есенберлин атындағы атындағы аудандық Орталық кітапхана АИК кітапханасымен бірлесіп Жеңіс күніне орай «Соғыс туралы естеліктер, кітапта және жүректе» атты әскери поэзия сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова , Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановтың ерліктері туралы айту.
ОАК кітапханашысы С. Романова Мәншүк Мәметова мен 1 – ші атқыштар дивизиясының пулеметшісі Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы айтып берді.
Кітапханашы АИК Г.С.Атанбаева қазақтың тұңғыш ұшқышы, Қазақстанның Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы әңгімеледі.
Колледж оқушылары батыр әйелдер туралы өлеңдер оқыды.
«Біз бейбітшілікте өмір сүреміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»