Оқиғалар мен іс-шаралар

«Наурыздың көне дәстүрлері»

17.03.2022 ж.І.Есенберлин атындағы аудандық Орталық кітапхана қалалық кітапханамен бірлесіп, Наурыз мейрамына орай «Наурыздың көне дәстүрлері» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлау, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айту.
Іс – шараға Атбасар ауданының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Сабыржан Нұркенұлы Мұсабеков, Хасен ата және Бәкейұлы Қазы және АИК тобының студенттері кураторларымен қатысты.
Іс-шараның жүргізушілері З.Алшинова мен Б. Омарова Наурыз мейрамын тойлау тарихын айтып, ұлттық тағамдар туралы викторина өткізді. Осы тақырып бойынша бейнеролик көрсетілді. Әншілер «Наурыз», «Кел дедім», «Менің жүрегім жас» әндерін орындады. Іс шарада
«Шашу» «Сырға салу» салты және ұмытылған салт дәстүрдің бірі «Атбайлау»салты көрсетілді, сонымен қатар «Қош келдің Наурыз!» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Іс-шара соңында шақырылған қонақтар жастарға тілегін білдіріп, әр үйге бейбітшілік, келісім және молшылық тіледі.
Сабыржан Нұркенұлы Мұсабеков кітапханаға естелік кітап сыйлады.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»