Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ғарыш әлеміне саяхат»

12.04.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында Ғарыш күніне арналған «Ғарыш әлеміне саяхат» атты ақпараттық — танымдық сағаты өткізілді. Іс-шарада кітапханашы балаларды ғарыш туралы; планеталар, жер серіктері, ғарышкерлер, ғарыш кемелері, ғарышта болған жануарлар туралы қызықты факторлармен таныстырды. Сонымен қатар балалар «Адам, жер және ғарыш» атты кітап көрмесімен танысты. Мақсаты: оқырмандардың ғарыш кеңістігін адамның игеруі туралы білімін кеңейту және тереңдету; балалардың ғарышты игерушілердің ерліктері, еліміздегі ғарыш саласын дамытудағы жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»