Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қазақстан – менің алтын бесігім»

2024 жылғы 18 қазанда Сепе ауылдық кітапханасында Республика күніне арналған «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты тарихи экскурсия өтті. Бұл күн еліміздің басты және жалғыз ұлттық мейрамы болып табылады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған еді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті және ұлттық келісімді қалыптастыру, сондай-ақ әртүрлі халықтар мен ұлттардың мәдениетін құрметтеу. Оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылып, сол бойынша әдеби шолу жасалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»