«Қазақстандағы тіл саясаты»
13.09. 2024 ж. Полтавка ауылдық кітапханасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай балалармен «Қазақстандағы тіл саясаты» ақпараттық сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени мұрасына қызығушылықты қалыптастыру, ана тілінің маңыздылығы және басқа тілдерді үйрену қажеттілігі туралы білімдерін бекіту.
Жүргізушілер Қазақстанда қанша ұлт тұратыны және әр ұлт бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтейтіні туралы әңгімеледі.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі, Орыс тілі-қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі — халықаралық қатынас тілі.
Балалар бір-бірімен түрлі тілдерде амандасып, Отан , Қазақстан және достық туралы өлеңдер оқыды. «Менің Қазақстаным» викторинасы өткізілді, балалар жұмбақтар шешіп, жауаптарын үш тілде атады.
Кітапханада «Тіл — баға жетпес байлық»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.