Оқиғалар мен іс-шаралар
«Қазақстанның ұлттық валютасы»
2024 жылдың 15 қарашасында Сепе ауылдық кітапханасында «Қазақстанның ұлттық валютасы» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен ақпараттық әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың Қазақстанның ұлттық валютасы туралы білімін кеңейту. Іс-шараға «Ұлттық валюта күні» атты тақырыптық көрме дайындалды. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ұлттық валютаның егемен мемлекеттің бір белгісі екенін, теңгенің тарихы, оның 31 жыл ішінде қалай өзгерген дизайны туралы айтып берді. Қатысушылар үшін кітап көрмесіне шолу жасалды.