Оқиғалар мен іс-шаралар

«Елдің заманауи музыкасы»

20.10.21 жылы Орталық аудандық балалар кітапханасы (Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет) арнайы жобасы аясында «Елдің заманауи музыкасы» атты бейнеролик-вернисаж жариялады. Бейнематериалда мемлекетіміздің музыкалық мәдениетінің дамуы мен өсуінің қазіргі тарихы, оның азаматтардың бойында дарынды қабілеттер мен керемет сезімдерді қалыптастырудағы рөлі көрсетілген. Бейне баянда оқырмандар Қазақстанның композиторлары мен әншілерімен, сондай-ақ бүгінгі таңда танымал, бүкіл әлемде классика болып саналатын ең жарқын музыкалық шығармалармен танысады. Іс-шараның мақсаты-қазақ музыкалық мәдениетін дамытудың тарихи процесі туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың музыкалық мәдениетінің деңгейін анықтау, музыкалық бейнелердің сипаты мен мазмұнын түсіну білігін жетілдіру, музыка саласындағы қазіргі қазақстандық мәдениетке қызығушылықты ояту.

facebook

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»