Оқиғалар мен іс-шаралар

«Үздік оқитын отбасы-2021»

10 қыркүйек күні Ілияс Есенберлин атындағы Орталық аудандық кітапханада «Үздік оқитын отбасы-2021» байқауы өтті.

Байқауға 3 отбасы қатысты: Лутошкиндер, Қалдыбаевтар және Разуменколар.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1 тур – отбасының визит карточкасы.
Мұнда оқитын отбасылар 2015 жылдан бастап оқыған кітаптары туралы ақпарат берді.

2 тур — «Асыл сөз».

Барлық отбасы мүшелері Абай Құнанбаевтың қара сөздерін және 1 өлеңін қазақ тілінде оқыды.

3 тур «Туған өлкенің әдеби мұрасының мақтан тұтамыз» –сұрақ-жауабы.

Мұнда байқауға қатысушыларға қазақ әдебиетінің классиктері, өңіріміздің ақындары мен жазушылары туралы сұрақтар қойылып, қатысушылар белсенді жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша Лутошкин отбасы жеңіске жетті.

instagram

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»