Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бейбітшілік пен мейірімділік үшін»

18.10.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасы 8-12 жас аралығындағы балалармен Қазақстан халқының рухани келісімі күніне арналған «Бейбітшілік пен мейірімділік үшін» атты рухани сабағын өткізді.
Мақсаты: еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттау.
Кітапханашы оқырмандарға рухани келісім күнінің пайда болу тарихы, бұл біздің елімізде тұратын түрлі ұлттардың бауырластық ынтымақтастық күні туралы айтып берді. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ішкі саясаттың негізі қаланған әртүрлі ұлттар мен діндердің адамдарына деген бірлік, толеранттылық, құрметпен қарау керек екенін атап өтті. Іс-шара барысында балалар «18 қазан — Рухани келісім күні» атты слайд-презентациясын тамашалады. Сондай-ақ балалардың назарын «Бейбітшілік пен мейірімділік үшін» кітап көрмесіне ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»