Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бір ел — бір кітап»

16.02.24ж. Орталық аудандық
балалар кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясын өткізілді. 2024 жылы «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармалары оқуға ұсынылады. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның есте қаларлық даталар күнтізбесіне енді. Жазушының шығармалары КСРО және шетел халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Жазушы «Менің атым Қожа» повесі арқылы танымал болды. Балалар кітапханасында көрме рәсімделді. Буклеттер дайындалды. Мақсаттары – балаларды атақты жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру; қазақ әдебиеті және оның тарихы туралы түсініктерін кеңейту; үй жұмыстарына қызығушылықтарын ояту.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»