Оқиғалар мен іс-шаралар

«Денсаулық-зор байлық»

16.02.2023 жылы аудандық Орталық балалар кітапханасы №7 жалпы қазақ білім беру мектебінің 3″Ә»сынып оқушылары және «Не,Қайда,Қашан?» клуб мүшелерімен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық-зор байлық» атты денсаулық сағатын өткізді. Кітапханашы Б.Омарова балаларды салауатты өмір салты ережелерімен таныстырды. «Жақсы және жаман әдеттер» викторинасы өткізілді және әр-түрлі сергіту ойындары ойнатылды. Сондай-ақ кітапханада «Дені сау ұрпақ –ел болашағы» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Мақсаты: өскелең ұрпақты танымал адамдардың денсаулық туралы пікірімен таныстыру, өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»