Оқиғалар мен іс-шаралар

«Халықтардың татулығы»

8.02.2022 ж. І. Есенберлин атындағы аудандық Орталық кітапханасы ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына орай АИК студенттерімен «Халықтардың татулығы» атты кездесу сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: жастарға Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының құрамына кіретін елдердің экономикалық, саяси және мәдени салалардағы ынтымақтастығының маңыздылығын көрсету.
Іс-шарада 2022 жыл ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жарияланғаны туралы айтылды. Жыл бойы барлық мәдени орталықтарда, кітапханаларда, кітап дүкендерінде, мұражайларда, шығармашылық үйлерінде ТМД елдері халықтарының әдебиетімен, тарихымен, мәдениетімен, өнерімен танысу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»