Оқиғалар мен іс-шаралар

«Әке саған Ана емес»

2024 жылдың 13 маусымында Мариновка ауылдық балалар кітапханасында Әкелер күніне орай «Әке саған Ана емес» атты әңгіме-пікірталас өтті.
Мақсаты: ата-аналарды бірлескен іс-шараларға тарту, отбасылық қарым-қатынастың жағдайын жақсарту, ата-анаға деген мақтаныш пен құрметке тәрбиелеу.
Іс-шараға балалар мен әкелер шақырылды: Тарасенко және Тубековтар. Кітапхана қызметкерлері бала тәрбиесіндегі әкенің маңызы мен рөлі туралы әңгіме жүргізді. Іс-шара барысында балаларға әкелерін көргендей сурет салу ұсынылды, ал әкелер өз баласының салған суретін болжау керек болды. Балалар сурет салумен айналысса, әкелер «Балалық шақ ертегілері», «Біздің сарбазымыз ақыл мен күшке бай» викторинасының сұрақтарына белсене жауап берді. «Кім шарды тез үрлей алады» және «Қағаздан жасалған ұшақты кім жылдам жасай алады» сайысына қатысты. Шараға қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде әке туралы мақал-мәтелдерді тыңдады. Әкелер балаларының өмірінен қызықты сәттермен бөлісті, ал біздің тұрақты оқырмандарымыз Ира Саковец пен Богдан Криворучко әкелер туралы өлеңдер оқыды. Содан кейін кітапханашы балалардың салған суреттерін көрсетті, ал әкелері ұлдарының салған суретінен өздерін бірден таныды. Іс-шараға белсенді қатысқаны үшін кітапханашылар әкелерді «Ең жақсы Әке!» медалімен, ал балаларды тәтті сыйлықтармен марапаттады. Шара соңында естелік ретінде суретке түсті.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»