Оқиғалар мен іс-шаралар

«Кенен мұрасы – Республика мұрасы»

Орталық аудандық балалар кітапханасы «Не? Қайда? Қашан?» қызығушылық үйірмесі мүшелерімен кемеңгер әнші, сазгер Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Кенен мұрасы – Республика мұрасы» атты музыкалық сағат өтті. Шараға №8 мектептің 5 «А» сынып оқушылары шақырылды. Балалар композитордың өмірбаяны мен шығармашылығынан, оның қиын тағдырынан көптеген қызықты мәліметтер алды. Әли Нұрғожаев, Д.Жабаев, Балуан Шолақпен достық туралы. Кененнің бүгінгі күнге дейін жеткен, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген әндерін тыңдадық. Викторинадан сұрақтарға жауап беріп, сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: әнші мен сазгердің өмірбаянымен, шығармашылығымен, халық ауыз әдебиетінің тарихымен, мәдениетімен таныстыру.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»