Оқиғалар мен іс-шаралар

«Кітап арқылы табиғат әлеміне саяхат»

11.07.24ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында «Кітап арқылы табиғат әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жануарлар мен өсімдіктерге саналы түрде қамқорлықпен қарауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, жанды және жансыз табиғаттың қыр-сырын білуге, біздің планетамыздың таңғажайып жерлерімен және Қазақстанның қорықтарымен танысуға тәрбиелеу. Көрмеге қойылған кітаптар түрлі-түсті энциклопедиялық басылымдардан Жер фаунасының алуан түрлілігін көруге көмектеседі.
Ал өлке экологиясына арналған өлкетану басылымдары туған өлкенің табиғатын жақсы білуге және сүюге көмектеседі.
Барлық кітаптар әдемі суреттелген, оларды қарау табиғат пен сұлулықты білушілерге шынайы рахат әкеледі.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»