«Марғұлан мұрасы»
22.05.2024 жылы Мариновка ауылдық балалар кітапханасы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Марғұлан мұрасы» атты тұлғалық деректеме өткізді.
Мақсаты: оқырмандарды Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Орталық Қазақстандағы тас мүсіндерді зерттеуге қазақтың көрнекті археолог ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан елеулі үлес қосты. Ә.Марғұлан 1946-1974 жылдардағы атақты Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция зерттеген: қола дәуірі қорғандары тобы Еркебұлақ (1955), Бесоба (1966), Қарабие I және II ежелгі қорымдары, Беғазы және т.б. Экспедиция сонымен қатар Жетісу, Оңтүстік және Батыс Қазақстандағы көне қалаларды ашты. Сондай-ақ Ш.Уәлихановтың (1957-1967) ғылыми-әдеби мұрасын жинаған. Оның жетекшілігімен таңдамалылары (1958), сондай-ақ Ш.Уәлихановтың 5 томдық жинақтары (1961-1972) жарық көрді.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері, медальдармен марапатталған.