«Менің әнұраным»
2024 жылдың 23 қазанында Сепе ауылдық кітапханасында «Менің әнұраным» атты флешмоб өткізілді. Әнұран – мемлекеттің негізгі рәміздерінің бірі. Бұл іс-шараның мақсаты – рәміздердің жасалу тарихына қызығушылықты ояту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, тарихи мұра мен еліміздегі халықтардың дәстүрлеріне құрметпен қарау болды.Балалармен танымдық әңгіме жүргізілді. Одан кейін оларға «Мемлекеттік әнұран тарихын білесің бе?» атты викторина ұсынылды, қойылған сұрақтардың ешқайсысы жауапсыз қалмады. Оқушылар еліміздің тарихы мен рәміздері туралы терең білімдерін көрсетіп, Отанын сүйетін лайықты азаматтар екенін дәлелдеді.Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерде патриоттық сезімді қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақты моральдық-идеологиялық рухта және қазақстандық бірлік негізінде тәрбиелеу.