Оқиғалар мен іс-шаралар

«Наурыз — Бейбітшілік пен жақсылық мерекесі»

Қазақ халқы өз мәдениетін құрметтейді және балаларды ұлттық дәстүрлерге үйретеді. Наурыз мейрамы қарсаңында орталық аудандық балалар кітапханасы 7 орта мектеп оқушыларына дәстүрлі қойылым мен «Наурыз — Бейбітшілік пен жақсылық мерекесі»атты ұлттық ойындарын өткізді.

Жүргізушілер балаларды Наурыз мерекесінің тарихымен таныстырды. Шақырылған қонақтар үшін қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге арналған ойындар мен викториналар өткізілді. «Алдар Көсе ашкөз байды қалай жеңді»атты қызықты шағын спектакль көрсетілді. Барлық қатысушылар бір-біріне жақсылық, бейбітшілік, денсаулық және амандық тіледі. Іс-шара дәстүрлі «Шашу»шарасымен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты-мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісіміне, толеранттылыққа тәрбиелеу; қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»