Оқиғалар мен іс-шаралар

«Сүйікті жазушым туралы бірер сөз»

2024 жылдың 10 қаңтарында Мариновка ауылдық балалар кітапханасында «Сүйікті жазушым туралы бірер сөз» атты әдеби минуты өтті. (І. Есенберлиннің туған күніне).
Ілияс Есенберлин – кеңестік кезеңде ұлттық тарих туралы көрнекті шығармалар жазған алғашқы жазушылардың бірі. Оның «Алтын Орда», «Көшпенділер» атты шығармалары тарихымыздың жеті ғасырын қамтиды, дала өркениеті мен қазақ мемлекеттілігінің толық көрінісін береді. Ілияс Есенберлин бүгінде тарихи тақырыптарды қозғайтын қазақ жазушыларының ең ірісі болып қала береді. Кітапханашы жиналғандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, көрмеге қойылған кітаптарымен таныстырды.
Шараның мақсаты: жерлесіміз І.Есенберлиннің шығармаларын оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»