Оқиғалар мен іс-шаралар

«Сарбаздың интернационалдық борышы»

14.02.2024 ж Орталық аудандық балалар кітапханасында «Сарбаздың интернационалдық борышы» атты ерлік сағаты өткізілді.
8-ші мектеп оқушылары кездесуге шақырылған ауған жауынгерлері : Хапиев Вахит .Х, Маекеев Қасымбекпен кездесті. Іс-шара барысында жерлестеріміз ерлік пен батылдық көрсеткен соғыс қасіретіне, тарихи өткенге бет бұрдық. Қонақтардың әңгімелері балалардың жүрегін тербеді және іс-шара қонақтарына құрмет белгісі ретінде өлең жолдарын арнады.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, елдің өткеніне құрметпен қарауды, басқа халықтарға бауырмалдық көзқарасты қалыптастыру.
Іс-шараға «Жауынгер борышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»