Оқиғалар мен іс-шаралар
«Тіл – достық көпірі»
13.09.2024ж. Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Борисовка ауылдық кітапханасы 10-12 жастағы балалармен «Тіл – достық көпірі» Атты дауыстап оқу өткізді.
Мақсаты-ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, елімізде тұратын барлық халықтардың тілдері, салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Балаларды кітап оқуға баулу.
Балалар әртүрлі тілдерде ертегілерді, әңгімелер мен өлеңдерді мәнерлеп дауыстап оқыды. Сондай — ақ, оқырмандардың барлық топтары үшін кітапханада «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесі дайындалды.