Оқиғалар мен іс-шаралар
«Күрделі әңгіме: Темекі шегу»
31.05.2024ж. Халықаралық шылым шегуге қарсы күрес күніне орай Мариновка ауылдық үлгілi кітапханасы бір топ жасөспірімдермен «Күрделі әңгіме: Темекі шегу».
атты тәрбие сағаты өткізді.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу; темекі шегудің жасөспірімнің денсаулығына қалай әсер ететіні және жеке тұлғаның қалыпты дамуын толығымен бұзатыны туралы түсінік беру.
Кітапханашы жиналғандарға қазіргі таңда темекі шегу халықтың барлық зиянды әдеттерінің ішінде ең көп таралғаны екенін айтты. Никотин – ең қауіпті улардың бірі, ол темекі шегетін адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиянын тигізеді.