Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ұлы даланың ұлы есімдері»

05.04.2024 жылы Ақан Құрманов ауылдық кітапханасы «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасын іске асыру аясында Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геолог ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Біз әлемде бір рет қана өмір сүреміз» атты еске алу кешін өткізді.
Мақсаты: Оқырмандарды Қазақстанның Тұңғыш академигінің өмірімен және еңбектерімен таныстыру. Біздің замандасымыз қандай жан-жақты дамыған адам болғандығы туралы оның қызықты өмірбаяны туралы айту.
Кітапханашы оқырмандарға академиктің өмірі мен қызметі, ғылыми жетістіктері, Қазақстан геологиясының дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»